"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тарих және қоғамтану мұғалімдерінің интернет қауымдастығы арқылы кәсіби құзырлықты арттыру»

08.02.2018

 

Қазақстан халқына Жолдауында Республика Президенті Н.Назарбаев білім беру жүйесі алдына еліміздің әлеуметтік - экономикалық даму қоры болуы үшін білімнің бәсекелестік қабілетін арттырумен дүниежүзілік

стандарттар деңгейінде сапалы қызметтер ұсыну міндеттерін қойды.

         Замануи жағдайында білімнің саласын ақпараттандыру фундаменталдық маңызы бар болып отыр. Баршаға замануи мектепке қойылып отырған жаңа талаптар белгілі, оларға өзіне білімнің жаңартылған мазмұнын, оқу үрдісіндегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар интеграциясы сияқты тармақтар кіреді; оқу қызметінің белсенді түрлері; оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа түрлері, соның ішінде жобалық, зерттеу, арақашықтық оқыту, жекелендіру; педагогтың мектептегі жаңа рөлі; жаңа сандық оқу құралдарын,  электронды медитекаларын пайдалану; мектепті басқарудың жаңа әдістері.

         Қазіргі уақытта педагогтардың және басқа білім беру үдерісінің желілік белсенділігі – білім жүйесіндегі ақпараттандыру үдерісіне байланысты өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы – желіде кәсіби қызметтің жаңа түрі, бұл желіде бір пәндік немесе мәселелі кәсіби қызметте жұмыс жасайтын кәсіпқойлардың тобы. Кәсіби желілік бірлестіктерге қатысу мұғалімдерге бір елдің әртүрлі бұрыш бұрышында тұратын мұғалімдеріне бір бірімен хат алмасуына, кәсіби сұрақтарды шешуіне, өзін жүзеге асыруға және кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндіктер береді.

         Желілік қоғамдастықтың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін, бастыларын атасақ:

·       

Бірыңғай ақпарттық кеңістік құру;

·       

Тәжірибе алмасу, қолдау және ынтымақтастық;

·       

Жемісті педагогикалық практикаларды тарату;

·       

Кәсіби тақырыптарға формальды емес және формальды сұхбаттасуды ұйымдастыру;

·       

Кейін интернеттен тыс өзара әрекеттесу үшін виртуалды бастама жасау;

·       

Кәсіби деңгейді арттыру;

·       

Жаңа білім беру бастамаларын қолдау;

·       

Желілік қоғамдастық келесі мүмкіндіктерді береді:

·       

Өзінің файлдарын орналастыруға және қоғамдастық кітапханасында қол жетімді құжаттарды пайдалануға;

·       

Пікіралмасу мүмкіндігін (форум, чат, комментарийлар);

·       

Арақашықтық оқытуға;

·       

конкурстарға, акцияларға, жобаларға, талқылауларға қатысуға;

·       

өзінің электронды парақшаларын ашуға (портфолио)

 

Сызба көрсеткендей өзінің файлдарын орналастыру және қоғамдастық кітапханасындағы құжаттарға қол жеткізу

мүмкіндігі – бұл өзінің тәжірибесін көрсету және  басқа педагогтармен орналастырылған материалдардың көмегімен педагогикалық шеберлік деңгейін жоғарылату мүмкіндігі.

Желілік қоғамдастық байланыстың жаңа түрлерін ұсынады, олар тәжірибе алмасуға, арақашықтыққа қарамай сұрақ қоюға, басқа педагогтардың шебер - кластарын көріп озық тәжірибе алуға, өзінің кәсіби деңгейін және ЖҚ - құзырлығын жаңа ақпарттық кеңістікте  жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Желілік қоғамдастық арақашықтық оқытуға, ол өз  кезегінде кәсіби конкурстарға қатысуға мүмкіндіктерін ұсынады, ол педагогтың біліктілігін жоғарылатудың ыңғайлы түрлеріне әкеледі.

      Желілік қоғамдастық осы қоғамдастықтың педагог - қатысушысымен жиналған материалдардың жинақшысы         болып табылады, ол тіркеуде қажет педагогтың жеке деректерімен бірге  педагогтың жұмыс істеу бағытын, оның кәсіби деңгейін, мүдделерін, мақсаттарын, міндеттерін көрсететін электронды портфолиосы болып табылады. Кейбір желілік қоғамдастық кеңістікті толтыру үшін ыңғайлы, виртуалды кабинет, сонымен қатар оның портфолиосы болады.

       Желілік қоғамдастық келесі қызмет түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді:

   

·            

Оқыту семинары

·       

Виртуальды конференция

·       

Конкурс

·       

Жоба

·       

Акция

·       

"Шеберхана"немесе шебер-класс

·       

Чатта талқылау

·       

Жобалар фестивалі

·       

Телеконференция

Қызметтің барлық түрлері ұйымдастыруда қарапайым және желілік қоғамдастықпен белсендіктен қолдау табады.

Қазахстанда қазіргі уақытта пән мұғалімдерінің виртуалды бірлестігінің бір қатары жемісті жұмыс істеуде.

Мысалға солардың бірі:  «Біліктілікті жоғарылатудың үлттық орталығы» АҚ «Өрлеу» Қазақстан Республикасы педагогтарының желілік бірлестігі», enet.kz – Қазақстан мұғалімдерінің электронды желілік қоғамдастығы, kundelik.kz

         Бүгінгі таңда педагогикалық желілік қоғамдастық сандары геометриялық өсіммен көбеюде. Желілік қоғамдастық мектеп, аймақ, пәндік салалр, мәселелер деңгейінде дамуда. Олар мыңдап, он мыңдап саналады. Бірақ желілік қоғамдастық бірлескен ұжымдық қызмет жағдайында ғана қалыптасып дами алады. Бүгіндері

желілік педагогикалық қоғамдастықтың даму жолында тұрған мәселелер де баршылық. Бұл бірінші кезекте жайлап басу, ақпаратты пайдалану, өзінікін жарияламау сияқты.

         Кез келген өзінің ақпараттық-білім кеңістігін құрайтын білікті педагог оны шебер құрастыруға тиіс, және ол жемісті жұмыс жасауы үшін қажетті педагогикалық қоғамдастық сызбасын енгізуі тиіс.

Желілік қоғамдастық – бұл әр адамның өзін жүзеге асыру жолы. Барлық елдің педагогтарымен жарияланатын тәжірибе біліктілік деңгейін жоғарылатады, білікті көмек алуға, еліміздің тамаша практик педагогтарымен танысуға жол ашады. Кәсіби желілік бірлестіктер еліміздің әр бұрышындағы және шетелдегі  мұғалімдерге бір бірімен сұхбаттасуына, кәсіби мәселелерді шешуіне өзін жүзеге асыруға мүмкіндіктер туғызады.

         Мұғалім қандай да өмірлік және кәсіби кезеңде болмаса да өзінің білімін аяқталған және кәсіби тұжырымын қалыптасқан деп санай алмайды.  Педагогикалық қоғамдастық жұмысына қатысу – бұл тек уақыт әмірі ғана емес, кез келген пән мұғалімінің оқу үдерісіне жаңа білім стандарттарын  енгізу бойынша жұмыс жасап отырған жемісті жұмысы болып саналады. 

Интернет желісінде пайдаланған материалдарға сілтемелер:

http://vio.uchim.info/Vio_62/cd_site/articles/art_1_3.htm

http://vio.uchim.info/Vio_98/cd_site/articles/art_3_8.htm

http://wiki.saripkro.ru/index.php/

http://www.it-n.ru/

http://pedsovet.org/

http://www.openclass.ru/

www.intergu.ru

http://metodisty.ru/

   

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст