3 ақпан күні №3 ОМ - нде 8 - 10 сынып жасөспірімдерінің ата-аналарын тұсаукесуді қолданумен «Денсаулық пен өмір дағдыларын қалыптастыру, солнымен қатар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламасы туралы ақпараттандыру бойынша ата - аналар жинлысы өтті.
Педагог - психолог слайдтарды көрсету алдында тақырыптың өзектілігі мен кездесудің мақсаты жайлы хабарлады. Содан кейін ата - аналарға бағдарлама туралы, осы аймақта бағдарламаны жүзеге асыру бұйрықтары туралы айтып өтті. (Бірлескен «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жобаларды кезеңмен енгізу туралы» 2015 жылғы 02.03. № 95, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27.02. № 102, ҚР ІІМ 2015 жылғы 11.03. № 201 бұйрықтары, ҚР БҒМ 2015 жылғы 17.08.), осы мектептегі бағдарламаның кезеңдері туралы айтып берді, бағдарламаның барлық кезеңінде әрбір оқушының қауіпсіздігі мен қатысу маңыздылығына назар аударды. Сонымен бірге әрбір қатысушыға, педагогтың, психологиялық және медициналық қызметтердің рөліне қатысты мультимодальдық (көпкомпоненттік) тәсілдері талқыланды.