«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ПРОКТОРИНГТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӨТІП ЖАТЫР

30.04.2021

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, "бір қатысушы – бір компьютер – бір камера" қағидасы бойынша өтіп жатыр. Академиялық адалдық талаптары күшейтілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысады.

Ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық олимпиаданы өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

«Қатысушылар пәндер мен сыныптары бойынша «аралас» отырғызылып жатыр. Олимпиаданы өткізу пунктерінде әрбір қатысушы үшін тең жағдай жасалған. Олар алдын-ала берілген жеке кіру коды арқылы тапсырмаларды алады. Олимпиада тапсырмаларын құрастырушылармен құпия ақпаратты жарияламау туралы алдын-ала келісім жасалды. Жалпы, карантиндік шектеулер жағдайында мұндай формат барынша қолайлы деп санаймын. Барлық санитарлық талап пен нормалар қатаң сақталады», – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Бұдан бөлек, жұмыстарды тексеру қатысушылар бойынша емес, тапсырмалар бойынша жүргізіледі. Бұл қазылар алқасы мүшелерінің қатысушыларға көмек көрсетуіне мүмкіндік бермейді.      Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңі 30 сәуірге дейін жалғасады. Олимпиада жалпы білім беретін 16 пән бойынша, оның ішінде жаратылыстану-математика бағытындағы 6 пән және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10 пән бойынша өтеді. Оған 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысады.

Просмотров: 501


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст