27 сәуірде бастауыш сынып мұғалімдері бірінші мамыр мерекесінің тарихы туралы оқушылармен танымдық әңгіме өткізді.
Көптеген жылдар бойы бірінші мамыр мерекесі жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні деп аталды. Жыл сайын бұл күні оқушылар, студенттер мен еңбеккерлер демонстрацияға аттанды.
Ересектер қолында үлкен жалаулар, гүлдер мен баннерлер, ал балалардың қолында кішкентай жалаулар мен шарлар болды. Барлығы көктемге, табиғаттың жаңаруына және жылы күн сәулесіне қуанды. Үйге оралғаннан кейін барлығы мерекелік үстелге отырды.
Бірінші мамыр достар мен туыстарға құттықтау хаттарын жіберуге және денсаулық пен бақыт тілеуге тамаша себеп болды.
Сондай-ақ , олар басқа елдерде (Англия, Италия, Германия) көктем мен еңбек күнін қалай және қашан атап өтетіндерін айтты. Мұғалімдер осы тамаша мерекенің нышандарын көрсетті және олардың шығу тарихы туралы айтып берді. Сабақ соңында балалар еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске алып, суреттер салды.
Бастауыш сынып мұғалімі Казбекова А. М.