Жазғы уақыт -
ол демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар үлкен абаттандыру жұмыстың жүру
уақыты. Менің №3 орта мектебі туралы айтқым келеді. Оның басшысы - Кизкенова
Газиза Ануарбековна. Шын мәніндегі иесінің кім екені алыстан келе жатқаннан-ақ
көрінеді. Көлік қозғалысынан оқушыларды сақтау үшін мектепке дейін тратуар
жасалған.
Тіпті, қазір
жазғы демалыс кезінде де, 1 қыркүйекте оқушыларды таза, жарық, жайлы сыныптарда
қабылдау үшін, мектеп алаңы мен мектеп ғимаратында жаңа оқу жылына қарсы жөндеу
жұмысы жүріп жатыр. Қазірдің өзінде айтарлықтай жұмыстар әлі де жалғасуда,
спортзал жөнделіп болды. Оқу кабинеттері мен фойеде жөндеу жұмыстары аяқталуға таяды.
Мектептің
өзінде шағын бақша бар. Оған көктемгі уақытта биология, география және
технология мұғалімдерінің жетекшілігімен оқушылар отырғызған көкөністер өсіп
жатыр. Өнімді шағын-орталықтың балаларына ас әзірлеу үшін өсіріп жатыр.
Мектепке
жақындаған сайын, өзіңді бір жұмақтағыдай сезінесің – жан жағында түрлі түсті
кемпірқосақтай хош иісті әр түрлі гүлдерді көресің. Бақша мен мектеп алаңында
көлеңке жерде демалу үшін орындықтары бар. Педагогтар мен оқушылар үшін бұл
сүйікті демалыс орны болып табылады.
Әр сынып өз көшетін отырғызған кезден
бастап күтуде. Мектеп түлектері және кадеттер қайың, сирень ағаштарын
отырғызды. Оқушылар өсімдіктерді күтіп, баптап өсіруге ғана емес, сондай-ақ
басқаның еңбегін бағалауға және құралдармен жұмыс жасауға да үйренеді.Сонымен
қатар оларда бірігіп жасау және бір-бірін қолдау дағдысы қалыптасады.
Балаларының болашағына бей-жай қарамайтын ата-аналардың күшінің арқасында
мектептің материалдық-техникалық базасына қолдау көрсетеді.
Бірігіп жұмыс істегендері үшін барлық педагогтар мен оқушыларға, мектеп
қызметкерлеріне және ата-аналарға алғыс білдіріп, бас игім келеді.
Олар жаз бойы
жөндеу, көгалдандыру жұмыстарына және
мектеп алаңының жарқырап өсіп тұруына белсенді жұмыс атқарды.