"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалық шақ ғаламшары» мектеп жанындағы алаңшықтың жұмысы туралы

16.07.2017

Жазғы демалысты қалай қызықты және пайдалы өткізуге болатынын білесіз бе? Жаз қызықты өту үшін

не істеу керек?  Саяхатқа шығып, ойын ойнау, жаңалықтарды білу, достармен табысып , жаңа достармен танысу керек. 

Жаз –тамаша мезгіл! Ал жаз мезгілі ұмытылмас болу үшін,мектеп жанындағы алаңшыққа келіңіз!

Жыл сайын №3 орта мектебінде орналасқан алаңшық өз достарын құшақ жая қарсы алады. Баланы бала

ететін ,әрине , ойын.Мектеп жанындағы алаңшықта бүлдіршіндердің бойындағы көптеген қабілеттері дамиды.

Біздің 3 маусым өз жұмысын шілденің 13-нен бастап шілденің 14-нде аяқтады. Балалар түрлі

шығармашылық  сайыстар мен спорттық жарыстарға  белсене қатысты. Ән айту

музыкалық сәттер өткізілді. Қаламыздағы мұражайларға бару жақсы дәстүрге

айналды.Өлкетану мұражайы мен І.Есенберлиннің  мемориалдық мұражайына  жасалған

саяхаттар   оқушылар  үшін өте танымды және қызықты болды. Берілген

ақпарат үшін мұражай қызметкерлеріне өз алғысымызды білдіреміз.

 Аудандық кітапханаға барған кезде бүлдіршіндер кітаптарды ұқыпты ұстау, олардың жасалуы мен 

сақталуы туралы көптеген мәліметке ие болды. Осындай тамаша шараны

ұйымдастырып өткізген үшін Кравченко Юлия Владимировнаға және Величко Елена

Петровнаға алғысымыз шексіз.

  Ерекше аталып өткен мереке -6 шілде –Астана күні мерекесі болды. Балалар «Менің сүйікті

елдордам-Астана»атты викторинаға қатысып, «Бәйтерек-біздің астанамыздың белгісі» жапсырмасын жасады.

Тәрбиешілер   әр күн балалар үшін қызықққа толы болсын деп бар күшін салды. Сондай-ақ ,

11 шілде –Халықаралық шоколад күні, балалар  өздері ұнатып жейтін  тәтті 

тағам туралы көптеген қызықты мәлімет алды. Ал 12 шілдеде балалалар

фотосурет өнері жайлы ақпаратқа ие болды.

2 апта ішінде талай қызықты сәттер  өтті. Ал біз,

тәрбиешілер, балалардың белсенділігіне, қызығушылығына қуанып, олардың

қылықтарына  көңіліміз толды.  Балаларға жаз сәтті өтсін деп тілейміз.

Просмотров: 487


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст