"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭКСПО 2017

03.07.2017

«Болашаққа билет»  немесе  әлемге деген көзқарасты өзгертетін бір күн ЕХРО-2017

Халықаралық көрмені көру –болашақты көрумен тең десе болады.Көрме басталмастан

бұрын  барлық бұқаралық ақпарат құралдары оның ашылуы мен өткізілуі туралы 

хабарлай бастады.Дегенмен теледидар бағдарламалары  мен интернет желілерінен алынған ақпарат  көрмені өз көзімен көргендей әсер етпейді.  Көрмені көру мүмкіндігіне менің

отбасым және Атбасар қаласы № 3 орта мектебіндегі әріптестерім 2017 жылғы 16

маусым күні ие болды.Халықаралық ақпарат агенттіктерінің   хабарлауы бойынша , көрмені күн сайын 20

мыңнан астам адам тамашалайды,20 күн ішінде  500 мың адам  көрменің қонағы бола

алды,  ал жалпы  көрермен саны  5 миллионға жетеді деген болжам бар. Әрине , мұндай қызығушылық

кездейсоқ жағдай емес. Ең көп тамашаланатын павильондар , елдердің рейтингі де

бар. Ал біз үшін ең әсерлі Қазақстанның көрме орталығы болды.Көрермендер ең көп

баратын  «Нұр-Әлем»-шыны  павильоны ,дүние жүзінде алып шар түрінде

салынған жалғыз-ақ ғимарат.Еліміздің павильоны Қазақстанның жаны секілді,

Ұлттық павильонның басты  мақсаты қазақстандықтар мен еліміздің  әлеуетін ашу болып табылады.

«Болашақ энергиясы»-ЕХРО-ға барған кезде  бұлтсөздердің мағынасын басқаша түсіне бастайсың.Болашақ энергиясы дегенде ең алдымен ойымызға келетіні - экология және қоршаған ортаны қорғау.Іс-шара

шеңберінде «жасыл энергетиканы»дамыту саласындағы ғылымның ең жаңа

жетістіктері  көрсетіледі. Көрмеге 115  мемлекет  пен 22 халықаралық ұйым қатысатыны да,

бұрынғы кеңестік мемлекеттердің ішінде  мұндай көрмені өткізу  құқығына  бірінші болып

Қазақстанның  ие болғаны да  қуантарлық жәйт. Әр елдің Президенттері , шетелдік қонақтар және біздің отандастарымыз көрменің қонақтары атанды.

Менің  ойымша, әрбір көрермен  өз ой өрісін , дүниеге деген көзқарасын  кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұның барлығы

адамның қолымен жасалғанына көзіңді жеткізіп таң қаласың. Нұрсүлтан Назарбаев

өз сөзінде : «Астанадағы ЕХРО Халықаралық көрмесі-еліміздің  алға басуында жаңа шың , жаһандық кеңістікте

«Қазақстан»ұлттық бренді»,-деген екен.

Көрмені  көрген  адам  селқос қалмайтынына күмәнім жоқ. Түрлі елдердің павильондарында 

ересек адамдармен қатар балалар  да  қызықтайтын экспонаттар көп.

Тіпті баларға арналған «ЭХРО-KIDS»бөлек алаңшығы бар. Демалу үшін арнайы  орын жасалған,Бір күндік уақыт барлығын көріп тамашалауға жетпейтіні сөзсіз.Бір күн  ұмытылмас әсер  етіп  көзіңді ашып-жұмғанша жоқ болды.

Отбасым мен әріптестерімді  көрме  зор қуанышқа бөлеп , шаттық сыйлады.Баршаңызға  сәті түссе барып

өздеріңіз  көріп қайтуға  ұсына

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст