Кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын бұзу, оларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қатаң қарым-қатынас жағдайларын жедел анықтау мақсатында 2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде «BALA QORǴAÝ» чат-каналы жұмыс істейді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың өтініштері тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады және қаралады. «BALA QORǴAÝ» телеграмм-чатында балалар мен ересектердің қажетті көмек туралы шұғыл хабарлауға, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкіндігі бар.
Чаттың құрамында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мамандары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттердің басшылары, облыстық білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, психологтар, әлеуметтік педагогтар бар.
Балалардың құқықтарын бұзу фактілері, балаларға қатысты қатыгез әрекеттер туралы белгілі болса немесе консультация қажет болса, «BALA QORǴAÝ» чатына өтініш қалдыруға болады. Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасының браузер жолында «bala_qorgau» теру немесе сілтеме бойынша өту қажет https://t.me/bala_qorgau.