2020-2021 оқу жылынан бастап республиканың барлық білім беру ұйымында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі балалар өкілдіктері өз жұмысын бастады. Балалар өкілдіктерінің құрамына бағдарламалары мен жұмыс жоспарларының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының оқушыларымен сайланған белсенді оқушылар кірді.
Мектептер мен колледждердегі балалар өкілдері жеткіншектердің балалық шақ мәселелерін шешуге қатысуына, өз пікірін еркін білдіруге және өмірлік ұстанымына деген құқықтарын жүзеге асырады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалар өкілдіктерінің республикалық кеңесін ұйымдастырып, оған аудандық және қалалық деңгейдегі өкілдер кірді. Бұл тетік республиканың барлық өңірінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мен сақтауды үйлестіруге мүмкіндік береді.