"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МҰҒАЛІМДЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 175 ТЕГІН ОЛИМПИАДА МЕН КОНКУРСТЫҢ ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

08.06.2021

Мұғалімдер мен білім алушыларға арналған 175 тегін олимпиада мен конкурстың тізімі бекітілді. Олар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Енді олимпиадалар мектептің мәртебесіне байланысты сараланады. Себебі тізімге ауылдық, сондай-ақ мамандандырылған және жекеменшік мектептер енгізілген. Республикалық олимпиадаларға бастауыш (2-4) және орта (5-6) сынып оқушылары қатыса алады.

Сонымен қатар тізімге экология, салауатты өмір салты, цифрлық технологиялар мәселелері сынды ХХІ ғасырдың проблемаларын шешуге бағытталған олимпиадалар енгізілді. Бұл өз кезегінде оқушыларды жастайынан қоғамдағы жаһандық мәселелердің шешімін іздеп, табуға баулиды. Тізімде оқушылардың өнертапқыштық, шығармашылық, инженерлік-техникалық, ақпараттық және медиа қызметке қызығушылығын арттыруға бағытталған ғылыми тақырыптағы конкурстар қарастырылған. Бұл білім алушылардың кәсіби бағдарлануына ықпал етеді.   

         «Зияткерлік олимпиадалардың мақсаты  қабілетті дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау. Айта кету керек, Білім және ғылым министрлігі өткізетін барлық жарыс, оның ішінде зияткерлік олимпиадалар да, шығармашылық әрі спорттық жарыстар да бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі», – деп атап өтті Шолпан Каринова.

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, қазіргі заман  ғылым саласындағы дарынды балаларды анықтауды ғана емес, сонымен қатар өнерде, шығармашылықта, IT-құзыреттіліктерде ерекше дарынды оқушыларды іздеуді талап етеді. Сондықтан балалар үшін шығармашылық бағыттағы конкурстар да ұйымдастырылады. Мәселен, шешендік өнер, музыкалық импровизация бойынша конкурстар, музыканттар, суретшілер, театр өнері, хореографиялық, техникалық шығармашылық конкурстары, балалар киносы фестивалі және кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Сонымен қатар тізімге 33 олимпиада мен конкурс енгізілген, олардың нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін болады.

Просмотров: 196


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст