02.02.2026
Атбасардағы қыс — бұл тек терезедегі мұзды өрнектер ғана емес, сонымен қатар белсенді демалыс үшін таптырмас уақыт. Ауа райының қолайлы кезін пайдаланып, №3 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары үйреншікті спорт залдарды қар жамылған трассалар мен мұз айдындарына алмастырды.
Таза ауадағы сабақтар
№3 мектептің оқушылары үшін дене шынықтыру сабақтары нағыз қысқы шытырман оқиғаға айналды. Стандартты жаттығулардың орнына — шаңғы жарысы мен коньки тебу ұйымдастырылуда. Сабақтың мұндай форматы ағзаны шынықтырып қана қоймай, балаларға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
«Шаңғы жолы шақырады!» денсаулық фестивалі
Маусымның басты оқиғасы дәстүрлі «Шаңғы жолы шақырады!» денсаулық фестивалі болды. Бұл іс-шара мектептің ең белсенді және спортқа құштар оқушыларының басын қосты. Қатысушылар бірінен соң бірі қашықтықтарды бағындырып, өз техникаларын, жылдамдықтарын және ең бастысы — командалық рухты көрсете білді.
Фестиваль — бұл тек медальдар үшін жарыс емес, салауатты өмір салтының нағыз мерекесі. Балалардың балбұл жанған жүздері мен күлкісіне қарап, біздің мектепте спорт — сергектік пен жақсы көңіл-күйдің кепілі екенін түсінуге болады!
«Қысқы спорт түрлері — уақытты пайдалы өткізудің ең жақсы жолы. Біз балалардың бойына кішкентай кезінен қозғалысқа деген сүйіспеншілікті ұялатуға тырысамыз», — дейді №3 ЖОББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.
Денсаулық — өз қолымызда, ал жылдамдық — аяғымызда! Шаңғы жолында кездескенше!