«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік жұлдызы...

13.02.2026

Биыл қазатың ұлы перзенті Мұқағали Мақатаевтың туғанына-95 жыл.
Ол 1931 жылы Алматы облысы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Табиғатпен үндескен тау баласының нәзік жүрегі мен шынайы сезімі оның өлеңдерінен айқын аңғарылады. Ақын поэзиясының басты ерекшелігі – адам жанының терең иірімдерін дәл бейнелеуі, шынайылығы мен тазалығы.
Ақынның «Үш бақытым», «Аққулар ұйықтағанда», «Фариза, Фариза!», «Сөнбейді, әже, шырағың» сынды шығармалары оқырман жүрегінен ерекше орын алды. «Үш бақытым» өлеңінде ақын туған тілін, Отанын, халқын ең асыл құндылық деп таниды. Бұл – бүгінгі жас ұрпақ үшін де тәрбиелік мәні зор туынды.Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік жұлдызы. Оның жырлары уақыт өткен сайын жаңғырып, жаңа буынмен бірге жасай береді. Ақын рухы халқымен бірге мәңгі жасасын!

Просмотров: 285


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст