"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9–20 ақпан аралығында мектепте математикалық цикл пәндері бойынша онкүндік өткізілді

23.02.2026

Онкүндіктің негізгі мақсаты: оқушылардың математикалық цикл пәндеріне қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, білім беру кеңістігін дамыту, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіру.

Онкүндік 9 ақпанда салтанатты жиынмен басталды. Жиында онкүндіктің жоспары таныстырылып, шағын викторина өткізілді. Жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы тақырыптық бейнероликтер дайындалды.

Екі апта бойы түрлі байқаулар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

«Ақылды үштік» зияткерлік ойыны — Шаншарова А.А.;

«Цифрлық қаланың құпиялары» квесті — Жунусова А.Б., Корнейчук А.С.;

7–8 сынып оқушыларына арналған «Математикалық регата» — Закусилова К.П., Мусулмамбекова К.Б.;

9 сынып оқушыларына арналған «Физика-математика марафоны» — Стрижелецкая Н.Н., Закусилова К.П., Мусулмамбекова К.Б.;

«Практикаға бағытталған есептерді шешу» квесті — Стрижелецкая Н.Н., Закусилова К.П.;

«Математик-бизнесмен» іскерлік ойыны — Закусилова К.П., Мусулмамбекова К.Б.;

«Жылулық құбылыстар» ойын-квесті;

үзіліс кезіндегі математикалық сергіту сәттері «Математика мультфильмдерде» — Жунусова А.Б.

Математика, физика және информатика пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізді:

«Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» — Шаншарова А.А.;

«Ондық бөлшектерді 10, 100… және 0,1; 0,01 т.б. сандарына көбейту» — Жунусова А.Б.;

«Трапецияның ауданы» — Мусулмамбекова К.Б.;

«Қысқаша көбейту формулалары» — Закусилова К.П.;

«Жұмыс пен қуатты табуға арналған есептерді шығару» практикалық жұмысы — Белимова Е.С.

Ашық сабақтар заманауи сабақ талаптарына сай жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар пән бойынша білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.

Оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мұғалімдер мультимедиялық презентациялар мен цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен қолданды.

Барлық іс-шаралар онкүндіктің бекітілген жоспарына сәйкес өткізілді.

Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің
ӘБ жетекшісі
Мусулмамбекова К.Б.

Просмотров: 185


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст