Наурыз — ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын мереке!

12.03.2026

22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз — жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы.

Наурыз — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.

Просмотров: 272


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу