09.04.2026
Осы аптадан бастап мектебімізде 5–8 және 10-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы емтиханға дайындық мақсатында мұғалімдер қосымша консультациялық сабақтарды бастады. Бұл сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың білімін тереңдету, емтихан форматымен таныстыру және тапсырмаларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру.
Консультация барысында оқушылармен оқу бағдарламасына сәйкес арнайы кітаптағы материалдар жан-жақты қарастырылуда. Әсіресе тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, мәтіндерді түсіну, негізгі ойды анықтау және сұрақтарға дұрыс жауап беру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар оқушылар әртүрлі тапсырмалар түрлерімен жұмыс істеп, сұрақтарды талдау, дұрыс жауапты анықтау, өз ойларын нақты жеткізу дағдыларын жетілдіруде. Мұғалімдер әр оқушыға жеке қолдау көрсетіп, олардың біліміндегі олқылықтарды анықтап, оны толықтыруға көмектесуде.
Аталған консультациялар оқушылардың емтиханға сенімді түрде дайындалуына, білім сапасын арттыруға және жақсы нәтиже көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді.