"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте математиканы оқытудың заманауи тәсілдері

05.05.2026

«№3 жалпы білім беретін мектепте» КММ  математика пәні мұғалімі Жунусова А.Б.  «Мектепте математиканы оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында баяндама жасауы өтті.

Баяндама барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін және практикалық есептерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған оқытудың өзекті әдістері мен технологиялары қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, оқытудың интерактивті формалары мен әр оқушыға жеке дара көзқарас таныту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Мұғалім сабақ барысында заманауи педагогикалық тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдарын көрсетті. Іс-шараға қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, аталған тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге қызығушылық білдірді.

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст