"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіподақ кеңесі

18.05.2026

№3 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ломакина С.С. Ақмола облыстық кәсіподақ төрағасы Абдрахманов Б.К.-мен өткен онлайн-кездесуге қатысты. Кездесу барысында еңбек қатынастары, қызметкерлердің құқықтарын сақтау және еңбек заңнамасын қолдану ерекшеліктеріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Облыстық кәсіподақ төрағасы білім беру ұйымдарында туындайтын бірқатар еңбек жағдайлары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, педагогтер мен мектеп қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Әсіресе еңбекке ақы төлеу, еңбек демалысын беру, еңбек кепілдіктері мен білім беру қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст