Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтты қалыптастыру

21.05.2026

2026 жылғы 16 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев "Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.

Жарлықтың мақсаты-адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім берудің негізгі элементі ретінде оқу мәдениетін насихаттау, тәрбие мен ағарту, оқырман ұлтты қалыптастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ шығармашылық, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту.

Қаулы

Мәдениет, білім және инновация салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып белгіленсін:

* оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтты қалыптастыру;

* заманауи оқырман инфрақұрылымын дамыту: жаңа форматтағы кітапханалар, цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, қоғамдық кеңістіктер құру;

* шығармалары жас ұрпақты Конституцияның негізгі қағидаттары мен ережелері рухында тәрбиелеуге ықпал ететін Отандық жазушылар мен ақындарды қолдау

Просмотров: 418


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу