26.05.2026
Бүгін Ілияс Есенберлин атындағы әдеби музейде «Музей түні» атты іс-шара өтті. Аталған шараға №3 жалпы орта мектеп оқушыларының отбасылары белсене қатысты. Қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, танымдық бағдарламаға қатысып, мәдени кештің ерекше атмосферасынан жарқын әсер алды.
Іс-шара барысында қонақтар тарих пен әдебиет әлеміне саяхат жасап, Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды. Балалар мен ата-аналар үшін қызықты викториналар, шығармашылық тапсырмалар, экскурсиялар, сондай-ақ флористика байқаулары ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің қиялын, шығармашылық қабілеттерін және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Кеш жылы әрі достық атмосферада өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.