05.06.2026
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Мектеп ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін үнемі бақылап, қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау қажеттігін еске салады.
Жаз мезгілінде су айдындары ерекше қауіп төндіреді. Балаларға ересектердің қарауынсыз өзендер, көлдер, тоғандар, каналдар және басқа да су нысандарының маңында болуға тыйым салынады. Су жағасында бақылаусыз жүру баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың 23:00-ден 06:00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына жол берілмейді. Ата-аналар балалардың қайда жүргенін бақылап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызбен қауіпсіздік ережелері туралы үнемі әңгімелесіп, көшеде, су айдындарының жанында, ойын алаңдарында және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау тәртібін түсіндіріңіздер. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті.
Балаларыңызды қорғаңыздар! Балалардың қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хасбиуллина Р.Р.