Текст
11.06.2026
10 маусым күні Атбасар қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінде «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.
Сауат ашу негіздері бойынша сабақта балалар сөздерді буынға бөлуді үйреніп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.
Математика негіздері бойынша балалар заттардың ұзындығын, биіктігін және енін анықтауды үйреніп, практикалық тапсырмалар орындады.
Сурет салу сабағында оқушылар үлгі бойынша сурет салып, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Күн соңында қимылды ойындар ұйымдастырылды.
Күн балалар үшін қызықты, танымды әрі пайдалы өтті.