"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балақайлар мектебі

22.06.2026

19 маусым күні Атбасар қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Балақайлар мектебі» шағын мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Сөйлеуді дамыту сабақтарында балалар сөйлемдерді интонациясына қарай (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратуға және оларды дұрыс қолдануға жаттықты, сондай-ақ сөздерді буынға бөліп оқыды.
Сауат ашу негіздері сабағында тәрбиеленушілер сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйренді.
Шығармашылық жұмыс барысында аппликация сабағында балалар «Қоңыз» тақырыбында жұмысты кезең-кезеңімен орындап, ұсақ моторикасы мен ұқыптылығын дамытты.
Күн балалардың денсаулығын нығайтуға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал ететін қимылды ойындармен толықтырылды.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст