Текст
01.07.2026
30 маусым күні «Достықты балалар» мектеп жанындағы алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара өткізілді. Балалар қазақ халқының ұлттық аспабы – домбырамен танысып, оның мәдениетіміздегі маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Оқушылар күйлер тыңдап, әңгімеге қатысып, шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Сонымен қатар, осы күні балалар аудандық мәдениет үйіндегі кинотеатрға барып, мультфильм тамашалады. Киноға бару балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсер қалдырды.
Күн өте қызықты, көңілді әрі танымдық түрде өтіп, балаларға ұмытылмас әсер сыйлады.
Минина Л.Н.
Мусина А.К.