«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Балақайлар мектебі» өз жұмысын жалғастыруда"

02.07.2026

2 шілде күні «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Балақайлар мектебі» өз жұмысын жалғастыруда.

Математика негіздері сабағында тәрбиеленушілер көрнекі материалдарды пайдалана отырып, мысалдар шығарды. Бұл жұмыстар балалардың санау дағдыларын, логикалық ойлауын және зейінін дамытуға ықпал етті.

Сөйлеуді дамыту сабағында балалар «А» әрпімен танысты. Интерактивті тақтада қызықты тапсырмалар орындап, карточкалармен жұмыс жасау арқылы алған білімдерін бекітті.

Мүсіндеу сабағында тәрбиеленушілер пластилинография әдісімен танысты. Балалар қызығушылықпен түрлі-түсті жұмыстар жасап, ұсақ қол моторикасын, шығармашылық ойлауын және қиялын дамытты.

Күннің соңында тәрбиеленушілер қимылды ойындарға белсене қатысып, сергектік, көтеріңкі көңіл күй және жағымды эмоциялар алды.

«Балақайлар мектебіндегі» сабақтар балалардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық дағдыларын дамытып, білім алуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырады.
Гельвих Н.И.

Просмотров: 230


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст