10.07.2026
10 шілде күні «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Балақайлар мектебі» жазғы мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Сауат ашу сабағында тәрбиеленушілер «С» әрпімен танысып, оның дұрыс айтылуын үйренді, сөздердің ішінен осы әріпті тауып, түрлі тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекітті.
Сөйлеуді дамыту сабағында балалар буындарды оқуға арналған жаттығуларды орындап, оқу дағдыларын жетілдірді. Ойын түріндегі тапсырмалар олардың сөйлеу тілін, зейінін және оқуға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етті.
Жапсыру сабағында жол қозғалысы ережелері тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Балалар жолда жүрудің негізгі ережелерімен танысып, бағдаршамның қызметін қайталап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы білімдерін толықтырды. Алған білімдерін бекіту мақсатында тәрбиеленушілер автокөліктер мен бағдаршам бейнеленген тақырыптық аппликация жасады.
Күннің соңында балалар қимылды ойындарға белсене қатысып, сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.
«Балақайлар мектебі» жазғы мектебіндегі сабақтар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың дүниетанымын кеңейтеді, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады және білім алуға деген қызығушылығын арттырады.
Гельвих Н.И.