14.07.2026
14 шілде күні «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Балақайлар мектебі» жазғы мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Көркем әдебиет сабағында тәрбиеленушілер «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысты. Педагог ертегіні мәнерлеп оқып бергеннен кейін балалар мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады. Кейін осы ертегі желісі бойынша түсірілген мультфильмді тамашалап, ертегі мен мультфильмді салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтады. Бұл жұмыс балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Жапсыру сабағында тәрбиеленушілер қағаз майлықтардан жасалатын аппликация техникасымен жұмыс жасады. Майлықтарды ұсақ бөліктерге жыртып, оларды домалақтап, негізге жапсыру арқылы балалар «Қошақан» тақырыбында көлемді аппликация орындады. Бұл жұмыс ұсақ қол моторикасын, ұқыптылықты, шыдамдылықты және шығармашылық қиялды дамытуға мүмкіндік берді.
Математика негіздері сабағында балалар 2 санының құрамын меңгеріп, алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітті.
Күннің соңында тәрбиеленушілер таза ауада қимылды ойындарға белсене қатысып, сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.
«Балақайлар мектебі» жазғы мектебіндегі сабақтар балалардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, танымдық қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілеттерін дамытады және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Гельвих Н.И.