22.07.2026
22 шілде күні «Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Балақайлар мектебі» жазғы мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Сауат ашу сабағында тәрбиеленушілер әріп элементтерін көркем жазуға жаттығып, жазу дағдыларын жетілдіруді жалғастырды. Жаттығуларды орындау барысында балалар қолды дұрыс ұстауды, ұқыптылықты және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытты.
Математика негіздері сабағында балалар 3 санының құрамын бекітіп, мысалдар шығарып, практикалық тапсырмалар орындады. Бұл жұмыстар санау дағдыларын, логикалық ойлауын және зейінін жетілдіруге ықпал етті.
Сурет салу сабағында балалар «Жеті түсті гүл» мультфильмін тамашалап, оның мазмұнын талқылады және сол аттас сиқырлы гүлдің суретін салды. Шығармашылық жұмыс балалардың қиялын, көркемдік қабілеттерін және ұқыптылығын дамытуға ықпал етті.
Күннің соңында тәрбиеленушілер таза ауада қимылды ойындарға белсене қатысып, сергектік, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.
«Балақайлар мектебі» жазғы мектебіндегі сабақтар балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейтуге және білім алуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға көмектеседі.