Бастауыш сынып оқушыларының математикадан білімін анықтау, қолдау, тереңдету және кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 15-19 маусым аралығында бастауыш сынып оқушыларына арналған "Бастау" XIV республикалық математикалық турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізеді. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Турнир Республикалық физика-математика мектебінің базасында онлайн режимде өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 144 қатысушы бәсекеге түсіп, 48 команда бақтарын сынады.
Турнирдің республикалық кезеңі https://whereby.com/vzhukmath платформасының көмегімен және мына сайтта https://stepik.org/ онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:
1 тур – «Әу, баста!» (командалық жарыс);
2 тур – «Асық» (командалық жарыс);
тур – «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).
Аталмыш турнирге Ақмола облысының намысын қорғау үшін 3 оқушыдан екі команда қатысты:
1 команда - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары: 2 сынып оқушысы Серік Амина, 3 сынып оқушысы Әмірхан Нұрай, 4 сынып оқушысы Рахадин Әділжан;
2 команда - Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары 2 сынып оқушысы Белоусов Максим, 3 сынып оқушысы Тіржан Жалғас, 4 сынып оқушысы Бочкарев Эммануил қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша жеке сынақ турынан ІІІ дәрежелі дипломмен Белоусов Максим - - Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар грамотамен 4 оқушы марапатталды: Әмірхан Нұрай - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 3 сынып оқушысы; Рахадин Әділжан - Көкшетау қаласы, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің 4 сынып оқушысы; Тіржан Жалғас - Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; Бочкарев Эммануил - Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы.
Командалық есепте Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің оқушылары 3 орынға ие болды.
Республикалық турнирдің барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, болашақта толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!