Текст
26.08.2026
2026 жылғы 25 тамызда Атбасар қаласының «№3 мектеп-гимназиясы» КММ-де бірінші сыныпқа қабылданатын балалар үшін диагностика (әңгімелесу) өткізілді. Диагностиканың мақсаты – болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға дайындық деңгейін анықтау және гимназиялық сыныптарды қалыптастыру.
Әңгімелесу барысында балаларға сөйлеуді дамыту, сауат ашу, математика, логикалық ойлау, зейін және жалпы дүниетаным бойынша сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды. Болашақ бірінші сынып оқушылары тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Өткізілген диагностика әр баланың мектепте оқуға дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді және алғашқы гимназиялық сыныптарды қалыптастыруға негіз болады.