«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

01.09.2026

1 қыркүйек күні №3 мектеп-гимназиясында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында ұйымдастырылды.Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз бен мектеп қабырғасындағы соңғы алғашқы қоңырауы соғылған болашақ түлектеріміз үшін ерекше толқынысқа толы болды.Мерекенің құрметті қонақтары қатарында Атбасар ауданының әкімі К. Г. Алимжанов, Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы М. Қ. Рахимжанов және мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы О. В. Харламова болды.Салтанатты жиынға қатысушыларды Атбасар ауданының әкімі К. Г. Алимжанов құттықтады. Сондай-ақ Атбасар ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Р. Ж. Маташев сөз сөйледі.Биылғы оқу жылы мектебіміз үшін ерекше маңызға ие болды: №3 мектепке мектеп-гимназия мәртебесі берілді. Жаңа мәртебе ұстаздар мен оқушыларға даму, шығармашылықпен айналысу және биік жетістіктерге жету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Мерекелік шараның сәнін бірінші сынып оқушылары мен түлектердің өнер көрсетуі, «Таза Қазақстан» акциясы және «Заң. Тәртіп. Болашақ» үгіт-насихат тобының қойылымы келтірді.Алғашқы қоңырауды соғу құрметі мектеп түлегі Мұхамедкерім Ерсұлтан мен бірінші сынып оқушысы Биккерт Алинаға берілді. Алғашқы қоңыраудың үні білімге, жаңалықтарға және жеңістерге бастайтын жаңа жолдың басталғанын білдірді!Қымбатты оқушылар мен ұстаздар! Жаңа оқу жылы табысты болып, жарқын оқиғалар мен биік жетістіктерге толы болсын!

Просмотров: 269


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст