23.09.2026
№3 мектеп-гимназиясында 2-сыныпта дене шынықтыру сабақтары қызықты, белсенді және балалардың денсаулығына пайдалы түрде өтуде.
Әр сабақ — оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, күшін, төзімділігін және командалық рухын танытуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, қимыл-қозғалыстың әртүрлі түрлерін меңгереді, жүгіру дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ қимылды ойындарға қатысады.
Екінші сынып оқушыларының дене белсенділігіне деген қызығушылығын қалыптастыруға, тәртіпке, өзара көмекке және командада жұмыс істей білуге ерекше көңіл бөлінеді. Балалар эстафеталар мен ойын тапсырларына белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, өз жетістіктеріне қуанады.
Дене шынықтыру сабақтары балаларға денсаулықтарын нығайтып, дене қасиеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар белсенді, жауапты және өз күштеріне сенімді болуға үйретеді.
Бастауыш сынып мұғалімі: Сепсуева А.М.