Бірінші сынып оқушыларына бейімделу кезеңінде қолдау көрсету

30.09.2026

Атбасар қаласындағы №3 мектеп-гимназиясында мектеп өміріне бейімделу кезеңінде қосымша қолдауды қажет ететін бірінші сынып оқушыларына арналған қосымша сабақтар ұйымдастырылуда.

Ұзартылған күн тобында педагогтер оқушыларға сабақ барысында өткен оқу материалдарын қайталап, бекітуге, қажетті дағдыларды қалыптастыруға және бағдарламалық материалды жақсы меңгеруге көмектеседі. Балаларға қиындық туғызатын тақырыптарды пысықтауға, сондай-ақ олардың өз бетінше жұмыс жасауына, зейінін шоғырландыруына және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Мұндай қосымша сабақтар бірінші сынып оқушыларына мектеп тәртібіне біртіндеп үйренуге, өз күшіне сенімді болуға және оқу тапсырмаларын сәтті орындауға мүмкіндік береді.

Қосымша жұмыстың басты мақсаты — әр балаға қолайлы білім алу ортасын қалыптастыру, қажетті көмекті уақытында көрсету және бірінші сыныпқа сәтті бейімделуіне жағдай жасау.

Просмотров: 262


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу