«Заң және тәртіп. Мен — азаматпын» атты құқықтық квест
13.10.2026
Мектебімізде білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу мақсатында «Заң және тәртіп. Мен — азаматпын» атты құқықтық квест өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар тақырыптық тапсырмаларды орындап, құқықтық жағдаяттарды шешті, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беріп, заңдарды сақтаудың маңыздылығын талқылады.
Квест оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін бекітуге, жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамытуға және топпен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдіруге ықпал етті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты — оқушылардың заңға құрметпен қарауын, құқықтары мен міндеттерін түсінуін, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын және адал азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
7 В Сынып жетекшісі Касенова А. М.