«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» аудандық байқау

28.10.2026

20 қазан күні, Атбасар ауданының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне орай орыс тілінде білім алатын өзге ұлт өкілдерінің білім алушылары арасында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты аудандық байқау өтті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты ояту, білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту және Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайту.

Байқауға мектебіміздің 9-сынып оқушысы Марунич София қатысып, өз білімін, тілге деген құрметін және шығармашылық қабілетін танытты. Софияға белсенділігі мен талпынысы үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

Авторы:  Абдугалиевам А.Т.

Просмотров: 180


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу