5-сыныптар арасында өткізілген пәнаралық олимпиада туралы ақпарат
10.11.2026
2026 жылдың 6 қарашасында 5-сынып оқушылары арасында пәнарлық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндер бойынша алған білімдерін тексеру, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық дағдыларын дамыту.
Олимпиада барысында оқушылар жеке жұмыс орындады. Тапсырмалар тыңдалым, тест және жазылым бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, оқушылар тыңдалған мәтін бойынша тапсырмалар орындап, тест сұрақтарына жауап берді. Жазылым бөлімінде «Басқа елдегі досыңа хат жаз» тақырыбында өз ойларын жазбаша жеткізді.
Олимпиада жұмыстарының орындалуын тексеріп, бағалау жұмыстарын комиссия мүшелері жүргізді:
Қанафина Ж.С.
Кусаинова С.Т.
Кулешова Д.Т.
Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылардың білім деңгейі мен тапсырмаларды орындау нәтижелері сараланады.