АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ – iKOMEK 109
11.11.2026
Ақмола облысының тұрғындары үшін маңызды ақпарат!
Тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін жедел қабылдау мақсатында облыста iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Аталған қызмет арқылы тұрғындар тәулік бойы, тегін түрде коммуналдық және қалалық инфрақұрылым мәселелері бойынша өтініш білдіре алады.
📌 Қандай мәселелер бойынша хабарласуға болады?
- Электр жарығының өшуі және кернеудің төмендеуі;
- Су мен жылумен жабдықтау мәселелері;
- Лифт жұмысының бұзылуы;
- Аулаларды абаттандыру;
- Қоқыс шығару және санитарлық тазалық;
- Құдықтар мен люктерге қатысты мәселелер;
- Жолдар мен тротуарлардың жағдайы;
- Қоғамдық көлік қозғалысының кестесі;
- Қаңғыбас жануарларға қатысты мәселелер;
- Ақмола облысының туристік нысандары туралы ақпарат.
📞 Байланыс нөмірі: 109
📲 Telegram: @IKOMEK109AQMOLABOT
Instagram: @IKOMEK109AQMOLA
⏰ Қызмет тегін және тәулік бойы қолжетімді.
Өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмай, тиісті қызметтерге хабарлаңыз! Сіздің өтінішіңіз – өңіріміздің дамуына қосылған үлес.
iKOMEK 109 – тұрғындар өтініші, жедел шешім!