«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

"Балдәурен"

12.07.2021

Мен, Асқар Айсана, Атбасар қаласының № 3 ЖББМ 9 сынып оқушысымын. Осы жазда мен ең үздік лагерь - Алматы қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығына бару бақытына ие болдым. Осында болған алғашқы минуттардан бастап мені ұмытылмас демалыс күтіп тұрғанын түсіндім! Мен келген кезде көптеген жетекшілерді байқадым, олар сүйкімді сөйлесіп, бірден маған бөлме көрсетті. Олардың әрқайсысы бізбен қиын жағдайда психолог ретінде сөйлесе алды, мен оларға 15 күнде қатты үйреніп қалдым. Сондай-ақ, лагерьдің барлық қызметкерлеріне тазалық қызметкерлеріне, аспазшыларға, медициналық қызметкерлерге, әртүрлі спорт нұсқаушыларына алғысымды білдіргім келеді. Олар өз жұмыстарын өте сапалы орындады. Керемет асүйді атап өткен жөн: біз ешқашан аш болған емеспіз!

Күн сайын көптеген түрлі және қызықты іс-шаралар өткізілді. "Пародия сайысы" және "визит карточкасы" сияқты іс-шаралар ерекше есте қалды. "Олимпия" спорт мерекесінде өз күшіңді сынап көру қызықты болды. Әрбір іс-шара қызықты және жарқын болды, жоғары деңгейде өтті және көптеген жағымды әсер қалдырды. Бірақ бәрінен бұрын маған қатты ұнағаны біздің суда шомылғанымыз. Уақыт тез зымырап өтте шықты.

Берілген жолдама үшін Ақмола облысының білім басқармасына және "Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ-ге алғыс айтамын. Маған "Балдәуренде" өте ұнады.

Просмотров: 416


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст