Рухани жаңғыру бағдарламасының «Тарих мұрасы» кіші жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылғы 01 маусымынан – 29 шілде күндері аралығында Зеренді, Жақсы, Атбасар, Жарқайың аудандарының оқушыларының қатысуымен «Красный Яр қонысындағы Ботай мәдениетін археологиялық зерттеу» жобасы аясында Красный Яр – І энеолит қонысында қазба жұмыстары жүргізілуде. Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді тәрбиелеу, тарих, мәдениет және археология ескерткіштеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады. Ұйымдастырушы - Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығымен» бірлесіп, Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Ақмола облыстық тарихи- өлкетану музейі». Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл археологиялық экспедиция бір айдан астам уақытқа созылып жатыр. Археологиялық экспедиция басталғалы қазба жұмыстарына облыстың төрт ауданынан 60 оқушы қатысты. Жалпы экспедиция барысында көптеген найзаның ұштары,тастан жасалған енбек құралдары, шапқылар, тескіштер, балталар табылған.
Дереккөз – Ақмола облысының білім басқармасы