«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 3 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия № 3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ағылшын тілінің грамматикасын коммуникативті түрде оқыту

08.11.2021

Осы жылдың тамыз айында ағылшын тілінен «Грамматиканы коммуникативті түрде оқыту» атты 8 апталық онлайн курсын аяқтадым. Бұл курстарға мені АҚШ елшілігі ұсынды. 1 қарашада өткен вебинарда ауданымыздағы ағылшын тілі мұғалімдерімен жаңа білімімді бөлісуге мүмкіндік алдым. Олар ағылшын тілі грамматикасының үш аспектілерімен танысты, тапсырмаларды таңдау және құрылымдау жолдарын зерттеді. Сондай-ақ, әріптестер грамматикадан белгілі бір тақырыпты оқу кезінде тапсырмалардың үш түрімен және олардың міндетті реттілігімен танысты. Оқулықтарымыздағы грамматикалық тапсырмаларды толықтыруға, бейімдеуге, өзгертуге және тіпті ауыстыруға мүмкіндік беретін SARS стратегиясы ерекше қызығушылық тудырды. Біз негізгі қорытынды жасадық: грамматиканы оқыту контексте немесе тақырыптық түрде өтуі, тапсырмалар мазмұнды болуы, оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес болуы және олардың өмірлік тәжірибесіне сүйенуі керек. Әріптестерден пікір алу үшін Google Forms арқылы сауалнама пайдаланылды.

Ағылшын тілі мұғалімі     Кисанова З.

 

Просмотров: 658


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст