Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптер негізінде жүзеге асырылады:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі және кешенді қолдану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын бірінші кезекте қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсететін адамдарды көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаты мен міндеттері
1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың зардаптарын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын күшейту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
Оспанова А.Н