Текст
№3 ЖББМ КММ бракераж комиссиясының мүшелері күнделікті мектеп асханасын тексереді. Бүгінгі күні тексеруден кейін келесі қорытындылар жасалды: ас блогының материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық жағдайда, азық-түлікті сақтау санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады, технологиялық жабдықтар мен мүкәммал таңбаланған, журналдар жүргізілген және үнемі толтырылып отырады, әкімшілік пен мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Балалар қашықтықты сақтайды.
Күн сайын бақылау тағамдары қойылады: бүгін картоп пюресі, бұқтырылған балық, нан, ірімшік, сүт қосылған тәтті шай, алма.
Габбасова А. Б.