Бастауыш мектептегі ең сүйікті және қызықты пәндердің бірі 4 «Б» сынып оқушылары сөзсіз АКТ – ақпараттық – коммуникациялық технологиялар сабағын атайды, оның атауы осы оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді бастауыш мектепте оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді нысандары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін оларды өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады. Үшінші тоқсанда төртінші сынып оқушылары бейнероликтерді жасау кезінде бейнежазбаны пайдалануды үйренеді және Power Point бағдарламасында презентациялар жасауды үйренеді. Сабақтарда оқушылар ақпаратты презентация үшін қолдануға, әртүрлі тақырыптар бойынша презентациялар жасауға және шолғышта бетбелгілерді қолдануға үйренеді. 4 «Б» сынып оқушылары презентация жасау бойынша өз білімдері мен іскерліктерін сабақ тақырыбы бойынша қызықты және пайдалы презентациялар мен бейнероликтер жасай отырып, Әлемді тану және жаратылыстану сабақтарында қолдана бастады.
4 «Б» сынып жетекшісі Дементьева Инна Владимировна