Текст
Жалпы білім беретін мекемерерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық «Тіл дарыны» байқауы өтті. №3 жалпы орта мектебінің атынан 9 сынып оқушысы Марденова Ариана қатысты. Байқау 6 тапсырмадан тұрды: «Полиглот», «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Тең шарттарда диалог»,
«Түйіндеме», « Экскурсия жетекшісі». Үміткерлер өнерін бағалау кезінде; тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың толық берілуі мен сапасы, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі, сахналық мәдениеті ескерілді. Байқаудың қорытындысы күтілуде. Үміткерлерге сәттілік тілейміз.
Орындаған Касымова С.Т.