"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019/2020 оқу жылына АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институтының қатысушылары болып табылатын ресейлік ЖОО-на түсуге өтінімдер қабылдау басталды

07.02.2019

Қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметі, АКҰ «ҚМХОӘО», Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті мен «Қаржы академиясы» АҚ  арасындағы 2016 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді  заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық жүйесі үшін мамандарды оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасына 2019/2020 оқу жылына 25 білім беру квотасын берілді.

RUSSIA.STUDY порталында 2019/2020 оқу жылына арналған АЖ/ТҚҚ саласында халықаралық желі институтының қатысушылары - ресейлік жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды.

2019/2020 оқу жылында АЖ/ТҚҚ саласында Халықаралық Желі Институтына қатысатын ресейлік жоғары оқу орындарына түсу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. АЖ/ТҚҚ саласындағы Халықаралық желілік институттың буклетінен (1-қосымша) немесе ХЖИ-тың 2019/2020 оқу жылына арналған оқу бағыттарының тізімінен (2-қосымша) өзіңізге лайық бағдарламанытаңдаңыз.

2. RUSSIA.STUDY порталында тіркеліңіз.

3. RUSSIA.STUDY порталында «Оқу бағдарламаларын іздеу» бөлімінде 1-қадамда таңдап алынған мамандықты және осы оқу бағдарламасын жүргізетін университетті (терді) көрсетіңіз (6-дан аспауы керек).

4. Тіркеуді аяқтау үшін барлық қажетті өрістерді толтырыңыз.

5. RUSSIA.STUDY порталындағы жеке кабинетіңіздегі форманы толтырыңыз:

o Фотосуретіңізді, паспорттың көшірмесін және білім туралы куәліктің көшірмесін жүктеңіз.

o Түсу бағыты ретінде «Росфинмониторингті» таңдаңыз.

o Ресейде оқығыңыз келетін білім беру формасын және білім беру деңгейін көрсетіп өтінішіңізді өзгертіңіз.

o АЖ/ТҚҚ саласында Халықаралық желілік институттың көптеген университеттерінде оқыту орыс тілінде өтетініне назар аударыңыз. Егер сіз орыс тілінің деңгейіне сенімсіз болсаңыз, дайындық бөліміне тіркеліңіз (бұл үшін өтінімде 27 тармақты көрсетіңіз).

6. Тексеру туралы өтініш жіберіңіз және біліктілік сынақтарына шақыруды күтіңіз.

АЖ/ТҚҚ саласындағы Халықаралық желілік институтқа қатысатын ресейлік жоғары оқу орындарына түсу туралы жалпы ақпарат. (3-қосымша)

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст