Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуына жаңа көзқарас» атты І облыстық форум өтті.
Форумның мақсаты - республикалық съез отырысында қойылған мақсаттар мен шешімдерді Ақмола облысының мұғалімдеріне жеткізу, жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру болып табылады.
Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары және облыстың 100-ден астам педагогі қатысқан ауқымды іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ботакөз Дүйсенова ашып, модераторлық етті.
Форум секциялық жұмыс және пленарлық бөлімдерінен тұрды. Секция жұмысында «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары», «Функционалдық сауаттылық-қазіргі білім берудің негізгі бағыты», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар», «Педагогтың кәсіби шеберлігі – білім сапасының негізі» тақырыптарын қамтыды.