Білім алушылардың тамақтану сапасын жақсарту мақсатында мектептегі тамақтану сапасына қанағаттану мониторингі үнемі жүзеге асырылады.
№3 ЖББМ КММ бракераж комиссиясының мүшелері күнделікті мектеп асханасын тексереді. Бүгінгі күні тексеруден кейін келесі қорытындылар жасалды: ас блогының материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық жағдайда, азық-түлікті сақтау санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады, технологиялық жабдықтар мен мүкәммал таңбаланған, журналдар жүргізілген және үнемі толтырылып отырады, әкімшілік пен мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Балалар қашықтықты сақтайды.
Күн сайын бақылау тағамдары қойылады: бүгін мәзірде бұқтырылған ет (тауық еті), гарнир-қарақұмық, нан, карамель кәмпиттері, печенье, сүт қосылған шай.