Наурыз мерекесін Қазақстанда тойлау он күнге ұсынылған болатын. Соның бірі бүгін 15 наурыз «Жайлау күні» аталып өтілмек. Кең-байтақ атамекенде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз қашанда табиғатпен тығыз байланыста болған. Сол себепті табиғатты аялау мақсатында бір күн оларға арнап өткізілмек. Қоршаған ортаны тазалау, тал егу, мекемелерді қардан, қоқыстан тазарту бұның бәрі жас ұрпақ үшін тәрбие мен зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді. Реніштерін кешіріп, бір-біріне қонаққа, серуенге, қыдыруға шақырады. Сондай-ақ, елдімекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашанда бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.