"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТҮРКСОЙ-ға 2019 жылды Әбіш Кекілбаевтың мерейтойына арнау ұсынылды

14.03.2019

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ТҮРКІСОЙ деген үлкен ұйым бар, соған үлкен ұсыныс енгізген едік. Яғни, 2019 жылды Әбіш ағамыздың жылы деп жариялау жөнінде ұсыныс жолдадық. Әбіш ағаның музейі болады, арнайы ескерткіші орнатылады

 «Әбіш оқулары» байқауы басталып кетті. Келесі жылы оны халықаралық деңгейде өткіземіз. Әбіш ағамыз туған Оңды ауылына оның есімін беру туралы ұсыныс жасалды. Болашақта «Әбіш әлемі» атындағы халықаралық театрлар фестивалін де өткіземіз. Бұл тек бастамасы ғана, қалған ақпараттарды алдағы уақытта БАҚ беттерінен көрерсіздер», - деді Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ өңір басшысы қаламгердің 25 томдық шығармалар жинағы шығарылып, Әбіш Кекілбаевқа арналған энциклопедия 5 мың данамен жарық көретіндігін айтты. Айта кетейік, шара барысында Ералы Тоғжанов кітап қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілінде 1 мың данамен жарық көрген «Маңғыстау аңыздары» атты кітапты таныстырды.      

                                                                                                                                                                       Сейтенова З.А. Абикенова К.Б.


 

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст