"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №3 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования по Акмолинской области» 

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5-11 сыныптар оқушылары арасында «Менің кино» аудандық бейнероликтер байқауының ережелері

19.03.2019

«Бекітемін»

«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

Н. Наймушина

___________________

5-11 сыныптар оқушылары арасында

 

1. Оқушылар арасындағы бейнероликтер конкурсы оқушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру, тұлғаның креативтік қасиеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып зерттеушілік және жобалық қызметке қызығушылықтарын дамыту және білімдік үдеріске оларды кеңінен енгізу мақсатында өткізіледі.

2. Конкурс міндеттері:

* Оқушылардың назарын медиашығармашылыққа аудару және жұмылдыру, алға қойған мақсаттарын шығармашылықпен шешуге баулу, байқағыштықтарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

* Ақпаратық технологиялар саласындағы жобалық қызметтерге қызығушылықтарын дамыту

* Бейнекамерамен жұмыс жасау және бейне редакторлар арқылы өңдеу тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

3. Конкурс тақырыбы Жастар жылына арналған: «Болашақ деген- БІЗ!»

Конкурс эпиграфы: «Жастық деген-арман. Бұл-сенім. Бұл - ерлікке құлшыныс. Бұл – лирика және романтика. Бұл келешекке келелі жоспарлар. Бұл – барлық бастамалар бастауы.» Хикмет Ран Назым

4. Аудандық конкурсты ұйымдастырушысы Атбасар ауданының білім бөлімі»

5. Конкурсқа қатысуға Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары шақырылады. Конкурсқа жеке жұмыстар мен қатар ұжымдық (оқушылардың шығармашылық топтарымен орындалған) жұмыстар да қабылданады.

6. Конкурс келесі параллельдер бойынша өтткізіледі:

* 5-6 сыныптар;

* 7-9 сыныптар;

* 10-11 сыныптар.

7. Конкурстық бейнематериалдарға қойылатын талаптар:

7.1.Конкурсқа қолжетімді құралдармен түсірілген, кез келген тақырыптағы және конкурс тақырыбына сәйкес бейнероликтер қалбылданады.

7.2. Бейнефильм форматы – еркін

7.3. Бейнероликтің ең аз мөлшері –4:3 үшін 480х360, 16:9 үшін 480х272.

7.4. Бейнероликтің ұзақтығы – 2 ден 5 минутқа дейін.

7.5. Бейнероликке тікелей қатысушының түсуі – міндетті емес.

7.6. Бейнероликті түсіру және монтаждау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану – қатысушының еркіне қарай .

7.7. Бейнеролик жанрын (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм және т.с.с.) қатысушы өзі анықтайды.

7.8. Роликте фотографиялар пайдалануға болады. Бөтен адамдардың бейне-графикалық материалдарын, мәтіндерін, дизайн идеяларын пайдалануға тыйым салынады.

7.9.Әр қатысушы бір жұмыстан ұсына алады.

8. Конкурс 18.03.2019 ж. - 31.03.2019 ж. аралығында бір кезеңмен өткізіледі.

8.1. Конкурсқа қатысу үшін келесі нысандағы өтінімдер ұсынылады:

* Жұмыс атауы

* Оқушынының ТА. (толық)

* Сынып

* Білім мекемесі

* Мұғалімнің ТАӘ (толық)

9. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен бейнематериалдар 01.04.2019 дейін: tdinav@bk.ru электрондық адресіне жолданады флешкада немесе қатысушының аты, мектебі көрсетілген папка, мұрағат (архив) ретінде сақталған түрде қабылданады.

10. Конкурс нәтижесін шығару .

10.1. Жұмыстарды бағалау үшін конкурстың Қазылар алқасы құрылады .

10.2. Қазылар алқасы конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийлеріне сәйкес (0 ден 10 ұпайға дейін) бағалайды:

* Жаңашылдық, жұмыстың бірегейлігі. Жұмыс арқылы тақырыпты ашу бірегейлігі, жұмыс идеясының тереңдігі, образдылығы, шығармашыл ойлау қайталанбастығы бағаланады.

* Сюжет және композиция. Сюжеттің болуы және оның бірегейлігі, мағына жағынан аяқталуы бағаланады.

* Көркем орындау сапасы. Эстетикалық жағы, безендіру элементтерінің дизайны, түстердің өзара үйлесімділігі, композициялық шешім сапасы бағаланады.

* Жұмысты техникалық орындау сапасы және күрделігі. Негізділігі мен пайдаланған құралдарды таңдау тиімділігі (монтаж, графикалық пакеттерді пайдалана отырып өңдеу, дыбыс қою т.с.с.) бағаланады.

10.3. Конкурс нәтижелері: 12.04.2019 ж. жарияланады.

11. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1, 2, 3 орындарды иеленгені үшін, әр 3 параллель бойынша гармоталармен марапатталады.

Просмотров: 754


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст